25 мамыр 2022 | 23:31

Тараздық түлек Lexus мініп, каналға түсіп кеткен

© onlinetaraz

25 мамырда Тараздағы Тәуке хан көшесінде орналасқан "Қазақ хандығы" монументінің маңында Lexus көлігі каналға түсіп кеткен. Тізгінде 17 жастағы оқушы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы taraz_police паблигіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 мамырда Тараздағы Тәуке хан көшесінде орналасқан "Қазақ хандығы" монументінің маңында Lexus көлігі каналға түсіп кеткен. Тізгінде 17 жастағы оқушы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы taraz_police паблигіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, сақтандыру полисіне сәйкес автокөлік құралын жүргізген 21 жастағы Lexus жүргізушісі таныс түлектермен бірге бітіру кешін атап өту үшін "Қазақ хандығы" монументіне келген.

Жүргізуші шаруасымен жүргенде оның жолаушысы - 17 жастағы мектеп түлегі өз еркімен көлік тізгіндеген. Осы кезде жас жігіт тежегіш пен газ педальдарын шатастырып алып, тізгінге ие бола алмай, каналға түсіп кеткен. Абырой болғанда, түлек зардап шекпеген.

Реклама
Реклама

"Осы құқықбұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының қатысуында ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі ("Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы") бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Түлектің ата-анасына 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұған дейін Ақтауда түлектер жол қозғалысы ережесін бұзғаны хабарланған еді. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық бұзғандар жазаланатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная