Тәртіпсіздіктерге қатысқандар есірткіге мас болған - ШҚО полициясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәртіпсіздіктерге қатысқандар есірткіге мас болған - ШҚО полициясы ©Reuters

Шығыс Қазақстан облысында тәртіпсіздікке қатысқандар есірткі мен алкогольге мас болған. Бұл туралы ШҚО полициясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында тәртіпсіздікке қатысқандар есірткі мен алкогольге мас болған. Бұл туралы ШҚО полициясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Өңірде жаппай тәртіпсіздіктерге кем дегенде 3 мың адам қатысқаны, 500 адам ұсталып, қазіргі уақытта олардан жауап алынып жатқаны айтылады.

"Ұсталғандар алкогольге және өзге де заттарға мас болған, оның ішінде есірткі де бар, осы деректің бәріне қатысты сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша заңсыз әрекеттерге баға беріледі, бұзақылардың қолынан 25 қызметкер зардап шекті, оның ішінде пышақ жарақатын алғандар бар, кейбірі ауруханаға жатқызылды. Бірақ зардап шеккен қызметкерлер де қатаң тәртіпте қызмет атқарып жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова.

Департамент мәліметінше, тәртіпсіздіктерден 25 полицей мен әскери қызметші жарақат алған, 13 көлік өртенген, бір модульдік полиция бекеті қираған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети