08 тамыз 2024 | 15:31

Тасжолда болған жантүршігерлік жол апаты: алдын ала себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгердің суреті Куәгердің суреті

Полицейлер бес оқушы мен үш ер адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттың алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер бес оқушы мен үш ер адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттың алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық істі бастады. Тергеу 245-баптың 4-бөлігі "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу" бойынша жүргізіледі. ЖКО-ның алдын ала себебі аталды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, MAN автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша тергеу басталды. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Жол-көлік оқиғасы 7 тамызда Ақтөбе облысының Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында (Хромтау ауданы) болған.

Еске салайық, 7 тамызда ішінде жүргізушіден бөлек бес оқушы мен екі ер адам болған шағын автобус Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылынан шыққан. Көлік Маңғыстау облысында өтуі тиіс шағын футболдан жекеменшік турнирге бара жатқан. Көлікте болғандардың бәрі қаза болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети