17 шілде 2018 | 15:09

Тастың үстінде суретке түсемін деп қаза болды: Алматылық қызды қарқынды өзен суы алып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының маңында келіншекті қарқынды өзен суы алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, әйел тастың үстіне суретке түсу үшін шығамын деп, тайып кеткен. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматының маңында келіншекті қарқынды өзен суы алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, әйел тастың үстіне суретке түсу үшін шығамын деп, тайып кеткен. 

Республикалық оперативті құтқарушы бөлім өкілдерінің сөзіне сүйенсек, 35 жастағы әйелдің денесін "Нұрлы Тау" демалыс орталық маңындағы Қаскелең өзенінен шығарып алған. 

"Іздестіру іс -шарасы үш сағатқа дейін созылды, денесін тайып кеткен жерінен алысқа алып кеткен. Іздестіру жұмысы кеш батқандықтан және судың қатты ағысынан ұзаққа созылды. Денесін қоқыс пен ағаш бұтақтарының арасынан таптық", - деді құтқарушы-медбике Екатерина Клочко.

Оқиға корпоративтік кеш ұйымдастырып жатқан бір топ адамның көз алдында болған. 

Арнайы операцияларды жүргізетін мамандар тау маңындағы өзендерден абай болу керектігін ескертті.

"Сіз тайып кетуге тек бір секунд қана кетеді. Сізді құтқарып алу үшін не сіз, не сіздің қасыңыздағы адамдардың шамасы келмейді. Қауіпсіздік ережесіне мұқият болу керек: тау бөктеріндегі өзендерде шомылуға, кешкі уақытта тау жаққа баруға, қарқынды өзеннің маңына жолауға қатал тыйым салынған. Әсіресе балаларыңызға абай болыңыздар. Оқыс оқиға кез келген уақытта болуы мүмкін", - деді Республикалық оперативті құтқарушы бөлімшенің баспасөз қызметінде. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети