Тау-шаңғы курортында VIP үйлер өртенді

23 Қараша 2016, 11:10
0
Тау-шаңғы курортында VIP үйлер өртенді - Изумрудный Алтай сайтынан
Изумрудный Алтай сайтынан

Шығыс Қазақстанда тау-шаңғы курортында VIP үйлер өртеніп кетті. Өрт сырғанау маусымының ресми ашылуы алдында болған, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. 

Ағаштан жасалған шағын үйлер түнгі 3-те өртенген. Өрт сөндіруге Өскеменнен өрт сөндіру бриагадсы аттандырылды. 

"Өрт сөндіруге 19 адам және 5 техника қатысты", - деп мәлімдеді ТЖ бойынша қалалық басқарманың баспасөз хатщысы Марина Лискова. "Өрт шарпыған аумақ 200 шаршы метр, сәулет құрылысы бойынша бұл үлкен бір үй", - деп нақтылады ол. 

Өрттің шығу себебін анықтауға қатысты тергеу, зертханалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. 

"Алтай Альпілері" базасы Өскеменнен 24 шақырым жердегі Таулы Ульбинка шатқалында орналасқан. ТЖ-ға қарамастан курортта алдағы демалыс күндері өтетін ашылу салтанатына дайындық жүріп жатыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай