09 қараша 2023 | 17:24

Тауда ұсталды: Сарқанда іздеу жарияланған ер адам қандай күдікке ілінген?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Полицейлер кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеу жарияланған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеу жарияланған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, күдікті Сарқан ауданындағы тауларда, Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде ұсталған. 38 жастағы ер адам қазір аудандық полицияға жеткізілді.

"Ұсталған ер адам 7 қазанда 14 жастағы жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қашып кеткен күдіктіні кейінгі екі күнде бірнеше ауданның полицейлері мен облыстық ПД жедел уәкілдері іздестірді", - делінген Жетісу облыстық полициясының хабарламасында.

Реклама
Реклама

Іздеудегі ер адам туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып, облыстағы барлық полиция бөлімдеріне жолданған.

"Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігі ("Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды", - дейді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная