Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде лаңкестер қолынан зардап шеккен әскери қызметкерлер сол кездегі оқиғалар қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде лаңкестер қолынан зардап шеккен әскери қызметкерлер сол кездегі оқиғалар қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ұлттық ұлан сержанты Диас Сапаралы қызмет барысында қарақшылар қолына түсіп қалған. Оның айтуынша, олар алдымен тас лақтырған. Кейін әскери қызметкер құлап қалған. Осы кезде жиналғандар таяқ, темір құралдармен ұра бастаған.
"Бір сәтте есімнен танып қалдым. Әрі қарай мені бөлімге апарды, лазаретке. Таңғыш орады. Шынтақ буыным сынған. Бүкіл денем - арқам, иығым ауырды. Алдымен бетім ісінді, өйткені соққылар бетіме де тиді", - деді әскери қызметші.
Лаңкестер мен сарбаздардың шабуылынан кейін Арнұр Зарухановтың жағдайы тұрақталып келе жатыр. Тәртіпсіздіктің екінші күні жас жігіт әріптестерімен бірге Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысын қорғаған. Ол осы кезде жарақат алған. Содан кейін содырлар оның жақ сүйегі мен сол жақ иығын сындырған. Ол ауруханада жатыр.
"Таспен, арматурамен ұрды. Басымнан ұрды. Білмеймін, тіпті немен екенін. Содан кейін есімді жоғалттым. Одан әрі не болғанын білмеймін. Адамдар қатыгез, тым қатыгез болды. Тонау, тәртіпсіздік - бәрі болды", - деді Арнұр.
Тәртіпсіздік кезінде Алматы ауруханаларына мыңнан аса адам түрлі жарақатпен түскен. Оның 200-і - Ұлттық ұланның әскери қызметшілері.
"Көбіне бізге басынан жарақат алғандар түсті. Сондай-ақ, қол-аяқтары сынғандар түсті. Оқ тигендер де келді", - деді 7552 әскери бөлімінің медицина қызметінің бастығы Марат Айтбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!