Балабақшаға жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат хабарлағандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы прократурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балабақшаға жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат хабарлағандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы прократурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадағалаушы орган қызметкерлері көпе-көрінеу жалған мәлімет үшін шығын өндіріп алды. "2013 жылдың 22 шілдесінде жасөспірім "Березка" балабақшасына қоңырау шалып, онда жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Шұғыл қызметтер жұмылып, жарылғыш затты іздеп таппады. Террорлық акт туралы көпе-көрінеу жалған хабарламаның кесірінен мемлекетке 57 171 теңге көлемінде материалдық шығын келді", - делінген хабарламада. Шығын өндіріліп, мемлекет табысы үшін толық өтелген.
Бұзақылық әрекет жасауға кінәлі адам кәмелетке толмағандықтан, шығын өндіру жөнінде жауапкершілікті оның заңды өкілдері өз мойнына алды. Прокуратураның мәліметінше, терроризм әрекеті туралы жалған хабар тарату деректерінің барлығы бойынша міндетті түрде кінәлілерді жауапқа тарту және шығын өндіру шаралары қолға алынады.