Теміртау супермаркетіндегі полицейдің дөрекілігі түсірілген видео халықтың ашуын келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау супермаркетіндегі полицейдің дөрекілігі түсірілген видео халықтың ашуын келтірді Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Теміртау супермаркетінде полицейдің сатып алушыны қолындағы тауарын сатып алуға мүмкіндік бермегей, дөрекі түрде сыртқа алып шыққаны жайында видеоны тексеруге алды. Оқиға қалаға премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың келген күні болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео авторы полицей мен күзетшілер ер адамды сыртқа итеріп шығарғаннан кейін далаға шығуға тырысқан кезде оны супермаркеттен шығармай қойған. 

Видео премьер-министрдің Vkontakte желісіндегі ресми парақшасына орналастырылды, алайда, оған осы уақытқа дейін жауап болған жоқ. Сонымен бірге, ролик орыс тілді pikabu ірі ресурсында пайда болып, Youtube арнасында жарияланды. 

Желі қолданушыларының көпшілігін полицейдің дөрекілігі ашуландырды. 

Облыстық ІІД өкілдері болған жағдайдың анығына жетеміз деп уәде берді. "Қазір видеоны қарап жатырмыз. Қорытындысын кейін хабарлаймыз", - дейді ведомство өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети