Теміртауда оқушы қыз бесінші қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда оқушы қыз бесінші қабаттан құлап кетті Оқиға орны. Фото etemirtau.kz сайтынан

Теміртауда 14 жастағы оқушы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, тірі қалды. Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Еtemirtau.kz хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда 14 жастағы оқушы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, тірі қалды. Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Еtemirtau.kz хабарлайды. 

Төтенше оқиға қаланың төртінші ықшамауданында болды. Аула тазалаушы Маргарита Черемицинаның айтуынша, төменнен бірнәрсе құлап кеткен, оның қасына жақындаған сәтте қыздың айқайлап, ыңырсып жатқанын көреді.

Қыз бала мамық сырткиім киген, ол сол сәтте мектепке барғалы жатқанға ұқсайды. Оқиға орнына келген дәрігерлер зардап шегушіні ауруханаға алып кетті. Қыз баланың жамбасы сынып, миы шайқалған, шок алған.

Қазір оқиғаны құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Бұл жайт суицид әрекеті болуы да мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети