"Теміржолдан өтіп үлгермеген". Петропавлда тепловоз көлікті соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Теміржолдан өтіп үлгермеген". Петропавлда тепловоз көлікті соқты Фото pkzsk.info сайтынан

Петропавлда тепловоз жеңіл автокөлікті соғып өтті, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда тепловоз жеңіл автокөлікті соғып өтті, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Оқиға Бензострой ауданындағы теміржол өткелінде болған. Полиция хабарына қарағанда, ВАЗ 2110 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі STOP жол белгісін ескермей, теміржол өткелінен өтіп бара жатқанда № 1216 тепловозына тосқауыл болған. Тепловоз жүргізушісі шұғыл түрде тоқтауға мәжбүр болды.


Фото: Instagram / skopetro

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем мамандары жеңіл көлік жүргізушісін Петропавлдағы медициналық мекемеге жеткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін дәрігерлер ер адамды үйіне жіберді", - дейді полицейлер.


Фото: Instagram / skopetro 

Сарапшылар Оңтүстік Орал теміржолына келген материалдық шығынды анықтағаннан кейін жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") әкімшілік хаттама толтырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети