24 қазан 2014 14:24

Темірлан Сәндібаевтың әкесі ұлым кісі қолынан өлді деп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

23 қазанда өлі күйінде табылған Темірлан Сәндібаев кісі қолынан өлген. Баланың әкесі Нұрлыбай Бортаев осылай деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкесі бала 2-3 күн бұрын өлтірілген және суға тасталған дейді. 


23 қазанда өлі күйінде табылған Темірлан Сәндібаев кісі қолынан өлген. Баланың әкесі Нұрлыбай Бортаев осылай деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкесі бала 2-3 күн бұрын өлтірілген және суға тасталған дейді. 

5 жасар баланың денесі жақында Заречный ауылының "Электрик-2" саяжай ұжымы аумағындағы Қарғалы өзенінен табылды. Сот-медициналық сараптамасы мамандары баланың 10-15 күн бұрын қайтыс болғанын мәлімдеді. Бірақ Темірланның әкесі бала суда екі апта уақыт жатса ісініп кететін еді деп есептейді. Бортаевтың болжамы бойынша, іздеу жұмыстары жүріп жатқан шақта Темірланды Ақтөбедегі саяжайлардың бірінде күшпен ұстап отырған. Ол баланың сол қолында, шынтағында және оң жамбасында дақ барын айтады, оның ойынша, бұл - жіптің ізі.  

Темірлан Сәндібаевтың туыстары оның өте сақ және аңғарымпаз бала болғанын айтады. Туыстарының айтуынша, ол үйінен алысқа кетпейтін, бөгде адамдардың көлігіне отырмайтын. Жоғалған күні Темірлан анасына алысқан кетпейтінін және тез арада үйге оралатанын айтып, уәде берген. Темірлан 25 қазан күні таңертең жерленеді.

Айта кетейік, полицейлер баланың денесінде зорлық іздері байқалмағанын мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары баланың неден өлуі мүмкін екенін тексеріп жатыр. Сол нұсқалардың ішіндегі ең ықтималы - бала өзен бойында жүріп құлап кетіп, суға батуы мүмкін. Қазір гистологиялық зерттеу тағайындалды. 

Темірлан Сәндібаев 10 қазан күні таңертең жоғалып кетті. "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция өкілдері істің әзірше жабылмайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети