Теміртау әкімдігі Жаңа жыл кезінде қаланы сапасыз безендірген компанияны сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртау әкімдігі Жаңа жыл кезінде қаланы сапасыз безендірген компанияны сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртау әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Низами Гаджиев қаланың мереке кезінде безендірілуіне қатысты наразылық білдірген. Шенеуніктің айтуынша, мердігер фирма жұмысын сапасыз атқарған.
"Бізге көрсетілген қызметтің сапасы ұнамады. Басқа кемшіліктер де бар. Сондықтан біз ЖШС-тың мемлекеттік тапсырысты орындаудағы жосықсыздығын дәлелдеу үшін сотқа шағым түсірдік", - деді Низами Гаджиев.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Теміртауда қаланы Жаңа жыл кезінде безендіруге 11 миллион 600 мың теңге бөлінген.