29 қаңтар 2015 | 12:07

Теміртау тұрғыны өзінің құлдықта болғанын БАҚ ойдан шығарды деп мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Борис Крумин Теміртау ауруханасында. ©nv.kz Борис Крумин Теміртау ауруханасында. ©nv.kz

Теміртау тұрғыны Борис Крумин оны еңбек құлдығына жегілді деп шулатқан БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Теміртау тұрғыны Борис Крумин оны еңбек құлдығына жегілді деп шулатқан БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылы қаңтарда ақпарат құралдары Теміртаудың 20 жастағы тұрғыны Борис Круминнің құлиеленушілерден сұрапыл аязда қашып шыққнын хабарлаған болатын. Оның 15 желтоқсан күні ұрланғаны айтылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу шаралары кезінде оның құлдықта болғаны расталмады, ал Крумин БАҚ өкілдерін өзінің наркоздан кейінгі дәрменсіз күйін пайдаланып, сұхбат алғанын айтып айыптап отыр.

Борис Крумин өз түсініктемесінде былай деп жазған: "4 қаңтар күні операция жасалды, тамырымнан наркоз салынды. Операциядан кейін палатаға әкелді, ол кезде есімді дұрыс білмеймін, себебі наркоздың әсері әлі толық кетпеген болатын. Сол кезде палатаға тілшілерге ұқсайтын 2 әйел мен қолында видеокамерасы бар ер адам кіріп, өздерін таныстырды, бірақ мен наркоздың әсерінен есімді дұрыс білмедім, оларға айтқан сөздерім де есімде жоқ. Бірнеше сағаттан кейін есімді жисам көршім "Вечерняя газета" газетін көрсетіп, тілшілердің келгенін айтты. Ол газетте мен туралы жалған мәліметтер жазылған. Мені қыстақта біреулер күштеп ұстаған, ұрған, нан мен су ғана берген деп жазыпты. Сонымен қатар, жанында Сергей мен Миша деген достары болыпты деп жазылған жерлері бар, мұның барлығы жалған, себебі менің мұндай достарым жоқ, сондықтан менің олай айтуым да мүмкін емес. (...)", - деп жазды.

Сонымен қатар, Крумин оның қыстақтан кетіп қалуына мүмкіндігі болғанын және қыстақ иелерінің оны Теміртауға автокөлікпен жеткізіп салуын күтіп жүргенін айтты. Айтуынша, ол полиция қызметкеріне жауапқа тарту туралы арызданғанда өтірік жазғаны туралы айтпаған. "Егер мен газетті оқымағанда қыстақ иесіне қатысты арыз жазбайтын едім", - деді ол. 

"Оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында Шет аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері Круминнің қыстаққа ақша табу үшін өз еркімен барғанын анықтады. Ол жалған мәліметтер бойынша қара жұмысшы ретінде жұмысқа алу туралы келісімшартқа отырған. Бірақ ол жерде жұмыс істегісі келмей 2015 жылы 1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні Қарағандыға жаяу кеткен, оны ешкім тоқтатпаған және қыстақтан кетуіне ешкім кедергі болмаған", - делінген облыстық ішкі істер департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, Крумин 2 қаңтар күні далада адасып бір объектіге барған, бригадир оны Қарқаралының ауруханасына апарып, сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Борис Крумин Қарқаралының ішкі істер бөліміне заңсыз бас бостандығынан айыру туралы арыз жазбаған. Ол Қарқаралыдан Қарағандыға автобуспен барып, сол жерден Теміртаудағы үйіне қайтқан. Оның бармақтары үсіп қалғандықтан Теміртаудың орталық ауруханасында оған операция жасалды.

Қазіргі таңда жалған мәліметтер жеткізгені үшін Круминге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети