Теміртауда таңғы уақытта мектепке бара жатқан 9-сынып оқушысына белгісіз екі ер адам шабуыл жасап, тамағына пышақ тақаған, - деп жазады Etemirtau.
Теміртауда таңғы уақытта мектепке бара жатқан 9-сынып оқушысына белгісіз екі ер адам шабуыл жасап, тамағына пышақ тақаған, - деп жазады Etemirtau.
"Олар мені ұстап алды, "папа" деп айғайлайын десем де мүмкіндік бермеді. Ол маған тағы да айғайлайтын болсам, өлтіремін деп қорқытты. Аты-жөнімді, мекенжайымды атады. Керек болса пәтерімді де тауып алатынын айтты. Содан ағамның аты-жөнін атап, қарызы бар екенін және оны бір апта ішінде қайтармаса, мені өлтіретіндерін айтып, жіберді. Мен қатты қорқып қалдым", - дейді Светлана.
Айта кетейік, қазіргі уақытта оқушы қыз үйде, сабаққа баруға қорқып жүр. Бұзақылар қызға шабуылдаған күні ол сабаққа барып, біраздан соң анасына жылап қоңырау шалған. Содан қыздың ата-анасы оны мектептен алып кетіп, полицейлерді шақырған. Олар болса қызға шабуылдаған ер адамдарды түсіріп алу керектігін айтып қоя салған.
Кейінірек қыздың анасы полицейлерге арыз жазған. Бірақ бірнеше күн өтті, ешқандай нәтиже жоқ. Елена бұл іспен кімнің айналысып жатқанын да білмейді екен. Қыздың ата-анасы қарызы бастан асып жатқан туыстарының бірінен күдіктеніп отыр.