04 сәуір 2024 16:13

Теміртауда атыс болды, жараланған адам бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Теміртаудағы атыс видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.


Теміртаудағы атыс видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Жазбада атыс Теміртаудағы мекемелердің бірінің автотұрағында болғаны айтылған. Автор қатысушылардың арасындағы жанжал көлік тұрағына байланысты болған деп болжаған.

Видеоға Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталған. Оларды ұстау бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"4 сәуірге қараған түні Теміртау орталық ауруханасына 27 жастағы жергілікті тұрғын оқ жарақатын алуына байланысты жүгінді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды", - деп хабарлайды Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети