Теміртауда бала зорлады деген күдікті сот ғимаратында өз-өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда бала зорлады деген күдікті сот ғимаратында өз-өзіне қол жұмсады

Теміртау сотының уақытша ұстау камерасында қамауға алынған адам суицид жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау сотының уақытша ұстау камерасында қамауға алынған адам суицид жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялағаннан кейін болған.

"Тергеуге алынған сотталушы кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Облыстық соттың баспасөз қызметі күдікті сот ғимаратының арнайы изоляторының камерасында асылып, өзіне қол жұмсады деп мәлімдеді.

Қарағанды облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Теміртау қаласы полиция басқармасы қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайды қарау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети