Теміртауда қаладағы белгілі биші Екатерина Кокурина қайтыс болды. Қыздың жағдайы "Елка на воде" шоуында акробатикалық трюк орындау кезінде кенеттен нашарлайды. Оқиға көрермендердің көз алдында болды, - деп хабарлайды жергілікті ТТК телеарнасы.
Теміртауда қаладағы белгілі биші Екатерина Кокурина қайтыс болды. Қыздың жағдайы "Елка на воде" шоуында акробатикалық трюк орындау кезінде кенеттен нашарлайды. Оқиға көрермендердің көз алдында болды, - деп хабарлайды жергілікті ТТК телеарнасы.
Бишілердің "Елка на воде" шоуындағы қойылымынан үзінді. © Үoutube.com
Қыздың жағдайы нашарлап, ленталарды шатастырып алды. © Youtube.com
Екатирина "Жастар" бассейнінің медициналық пунктіне дереу жеткізілді. Бассейн басшылығының мәліметінше, қыз ол кезде есін білген.
"Медициналық қызметкер жедел жәрдем өкілімен бірге оған алғашқы көмек көрсетті. Қан қысымын өлшеді. Қысымы жоғарылап кеткен екен. Біз не болғанын сұрадық. Ол: "Қойылым кезінде басым қатты ауырды, күшім кетіп қалды", - деп жауап берді", - деді Михаил Коновалов.
"Жастар" бассейнінің басшысы Михаил Коновалов. © ТТК
Жедел жәрдем қызметкерлері Екатиринаға алдын ала диагноз қойды - басішілік қысымның көтерілуі. Қыз жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Бассейн басшылығының мәліметінше, емдеу мекемесі қыздың сауығып кететінін айтқан.
Теміртау орталық ауруханасы. © ТТК
"Кезекші дәрігермен хабарластық. Ол қыздың қысымы қалыпқа түсіп келе жатқанын айтты. Жексенбіде үйіне шығарылатынын да жеткізді. Біз барлығы дұрыс деп ойладық. Дүйсенбі күні оның жансақтау бөлмінде жатқанын естідік. Біз мұнда келгенде Катяның инсульт алғанын, комада жатқанын білдік", - деді Коновалов.
Екатерина Кокурина
34 жастағы Екатирина қойылымнан төрт күн өткен соң ауруханада қайтыс болды. 5 қаңтар күні оны жақындары мен достары ақтық сапарға шығарып салды.
© ТТК
© ТТК
"Жағдай осылай болды. Бұл кез келген уақытта болуы мүмкін. Инсульт айтып келмейді. Ол денсаулығында кінәрат барын білмеген", - деді қыздың құрбысы Зарина Мальцева.
Екатеринаның құрбысы - Зарина Мальцева. © ТТК
"Оны танитындар үшін бұл үлкен қайғы. Екатирина жарқын, жақсы адам болды. Керемет жаттықтырушы еді", - деді Екатиринаның тағы бір құрбысы Виктория Маковецкая.
Екатиринаның құрбысы - Виктория Маковецкая. © ТТК
Екатерина Кокурина Теміртаудағы белгілі Lady Vertigo би студиясын басқарды. Биші ол жерде қыздарды акробатикаға үйретті. Екатиринаның артында 12 жастағы ұлы қалды.