Теміртауда мектеп аумағында бір топ бала егде жастағы ер адамды ұрып кеткен, - деп жазады "Новый вестник".
Теміртауда мектеп аумағында бір топ бала егде жастағы ер адамды ұрып кеткен, - деп жазады "Новый вестник".
Бұл оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Видеоның кадрларынан он шақты мектеп оқушысының егде жастағы ер адамды итеріп жатқандары көрінеді. Ер адам олардан қашып кетпекші болады, алайда бір сәтте ол баспалдаққа құлап түседі. Сондай-ақ, видеодан мектеп оқушыларының балағат сөздер айтып жатқаны естіледі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл оқиға № 20 мектеп-лицейінің маңында болған. Басылымдағылар Теміртаудағы білім бөліміндегілерге және мектеп басшылығына хабарласты.