Теміртауда ер адам 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда ер адам 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кеткен Midjourney

Теміртауда 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті. Шабуыл жасаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті. Шабуыл жасаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртауда егде жастағы тұрғынға өз пәтерінде шабуыл жасалды. Болжам бойынша, жәбірленуші 39 жастағы қаскүнемді үйіне өзі кіргізген. Ол күдіктінің анасымен таныс болған. Ол үйге сылтауратып кіріп, әйелге дене жарақатын салып, зергерлік бұйымдар мен ұялы телефонды ұрлап, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Зардап шегуші медициналық мекемеге көмек сұрап жүгінген. Шабуыл туралы ақпарат полицияға берілді. Нәтижесінде күдікті ұсталғаны айтылды.

"Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның қылмысқа қатысы барын растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети