Теміртауда жасөспірімді балабақшаның металл қоршауы басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жасөспірімді балабақшаның металл қоршауы басып қалды Фото: instagram.com/lashes_katysha_temirtau

Теміртауда 13 жастағы жасөспірімге балабақшаның металл қоршауы құлап кетті. Зардап шеккен баланың бас сүйегі сынған және ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда 13 жастағы жасөспірімге балабақшаның металл қоршауы құлап кетті. Зардап шеккен баланың бас сүйегі сынған және ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазатайым оқиға 1 шілдеде Теміртаудың 8-ші шағын ауданында, "Таңшолпан" балабақшасы маңында болған. Металл қоршау құлаған кезде жасөпірім сол жерде жүрген. Баланың анасы әлеуметтік желілерде оқиға қалай болғанын айтып берді.

"Үлкен баламмен жазатайым жағдай болды. Оған "Таңшолпан" балабақшасының қоршауы құлап кетті. Құрметті ата-ана, мекемеге баратын балаларыңызға сақ болыңыз. Қоршау бекітілмеген. Балам қазір Мақажанов атындағы клиникада жатыр, оның бас сүйегінің желке бөлігі сынған, ми жарақатын алған, ішінара амнезия бар. Ол ауыр халде жатыр. Ешкімді кіргізбейді", - деді зардап шеккен баланың анасы Екатерина жазбада.

Әйел бұл оқиғаға мектепке дейінгі мекеме қоршауын жөндейтін мердігер кінәлі екеніне сенімді. Оны жазалауды талап етіп отыр.

Теміртау әкімдігі өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметі бойынша, қазіргі уақытта мердігер ұйым "Құрылыс консалтинг ұлттық орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Теміртау полиция басқармасындағылар жазатайым оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін айтты. Тергеу ҚР ҚК-ның 277-бабы 1-бөлігі "Тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети