Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Теміртауда бірнеше жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, оның пәтеріне кіріп, аяусыз соққыға жыққан. Олар бұл қатыгез әрекеттерін видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда бірнеше жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, оның пәтеріне кіріп, аяусыз соққыға жыққан. Олар бұл қатыгез әрекеттерін видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Видеода жасөспірімдердің зейнеткердің бетінен ұрып, оған түкіріп, дөрекі, балағат сөздер айтқаны көрінеді.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, жасөспірімдер қарияның пәтеріне кірерде өздерін электрші ретінде таныстырған.

Қарағанды облысы Полиция департаменті мәліметінше, жасөспірімдер анықталған.

"Бұл оқиғаны учаскелік полиция инспекторлары әлеуметтік желіде видео жарияланбай тұрып, профилактикалық жұмыс барысында анықтады. Барлық кінәлі тұлғалар, оның ішінде кәмелетке толмағандар да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері оларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети