Теміртауда жедел жәрдем фельдшерін қылғындырмақ болған

31 Наурыз, 17:11
0
Теміртауда жедел жәрдем фельдшерін қылғындырмақ болған - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Теміртауда жедел жәрдем фельдшерін қылғындырмақ болған. Белгісіз ер адам фельдшердің артынан есікті жауып, артынша шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 30 наурызда түнгі уақытта болған. Шамамен түнгі 02:30-да станцияға хабар түскен. 1996 жылғы жігіт бауыр тұсында ауырпалықты айтқан. "Пәтерге кіргенімде бірден шашылып жатқан заттарды көрдім, бөтелкелердің сынығы да болды. Ол өзі мас еді. Қандайда бір жараны айтты, мен ештеңе байқамадым. Қан қысымы мен жүрек қағысы жақсы болды, ішін ұстағанымда барлығы дұрыс еді. Бірақ ол іші ауырып, ине салуымды өтінді. Мен оған қарсы болдым, себебі ешқандай ауыртпалық болмады, сонымен қатар ол мас болды", - дейді фельдшер Алина. 

Пәтер иесінің реакциясы өзгеріп сала берді: ол балағат сөздер айтып, залдағы жарықты сөндірген. "Мен одан не үшін бұлай істедің дегенімде, ол менен ине салуымды талап етті. Қараңғы бөлмеде сыртқа қарай шығуға талпындым. Ол мені айналып өтіп, соққы жасады, сосын мойнымнан ұстап, қылғындыра бастады. Абыорой болғанда ол қатты жармаспады: мен еденге құлап, бір жағына шықтым. Телефонымды алып, станцияға қоңырау шалдым. Ол менің қолымнан телефонды жұлып алмақшы болды, алайда ол қолынан келмеді", - деп жалғастырды Алина. 

Ер адам сәл тынышталған уақытта, фельдшер есікті ашып, пәтерден шығаруын сұраған. Жігіт болса ашпайтынын меңзеген. Төменгі қабатта Алинаны іздеп жүрген әріптестері мен полицейлердің дауысы естілген. "Осы кезде мені іздеп келгенін сезген ол есікті бірден ашты. Шыға бергенімде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көрдім. Мен арыз жаздым", - дейді қыз бала. Кейінірек осы адамның жедел жәрдем станциясына бір күнде екі рет хабарласқаны анықталған. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты. "Осы деректі полиция тіркеуге алды. Тергеу шараларынан кейін, процессуалдық шешім шығарылады", - деді ПД өкілдері. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай