Теміртауда желіде резонанс тудырған видеодан кейін зейнеткер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда желіде резонанс тудырған видеодан кейін зейнеткер ұсталды

Теміртауда жануарларға қатыгездік көрсетті деген күдікпен 68 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жануарларға қатыгездік көрсетті деген күдікпен 68 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпқабатты үйдің ауласында болған қатыгез көрініс жұрттың ашуын туғызды. Куәгерлер түсіріп алған видеода, қолында пышағы бар егде жастағы ер адам күшікке зиян келтірмек болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мамочки Темиртау (@mamochki_temirtau1)

Ескерту жасалғаннан кейін ер адам күшікті жіберіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Видео авторы бұл сәтті әлеуметтік желіге жариялаған. Кадрлар желіде жылдам тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Теміртаудың 68 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

"Бұл факт бойынша жануарларға қатыгездік көрсету белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети