Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап кетті: зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап кетті: зардап шеккендер бар Видеодан алынған кадр

Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап, салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап, салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 27 мамырда "АрселорМиттал Теміртау" цехінің маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан ұшып кетіп, жарға құлап кеткен. Автобуста 19 адам болған, олардың бесеуі түрлі жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау | Казахстан (@temirtau.city)

"Жол апатынан бес адам зардап шекті, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адам кейін медициналық көмекке жүгінді. Тағы үш адамның миы зақымданған. Олар медициналық тексерістен өтіп, амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді", - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Өңірлік полицейлер қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети