Теміртау қаласында 11 мамыр күні ірі жол апаты болды. №100 жолаушылар автобусы мен КамАЗ соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, автобустың алдыңғы жағында отырған кондуктор апат кезінде алдыңғы терезеден сыртқа ұшып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртау қаласында 11 мамыр күні ірі жол апаты болды. №100 жолаушылар автобусы мен КамАЗ соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, автобустың алдыңғы жағында отырған кондуктор апат кезінде алдыңғы терезеден сыртқа ұшып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз қалыпты жылдамдықпен кетіп бара жаттық, сағатына 50 шақырым, - деді автобус жолаушыларының бірі. - Бізге қызыл түс жанды, тоқтадық. Жасыл жанғанда жүрдік. Біздің алдымызда көлік болған жоқ. Бізге қарама-қарсы, өз жолағында КамАЗ келе жатты. Күтпеген жерден ол Қарағандыға қарай жүретін тас жолға бұрылды, ол бізді өткізіп жіберуі тиіс еді. Біз оның бүйіріне барып соғылдық".
Куәгерлердің айтуынша, автобустың кондукторы қатты зардап шеккен. Апат кезінде кондуктор әйел жүргізушінің жанында, автобустың алдыңғы жағындағы орында отырған. Соққыдан ол алдыңғы терезеден сыртқа қарай ұшып кеткен.
"Оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Білуімше, қазір оның жағдайы өте ауыр", - деді оқиға куәгері. Әзірше ол әйелдің жағдайына қатысты ресми мәлімет жоқ.
Қарағанды облыстық ІІД мамандары 77 жастағы зейнеткер әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жүк көлігінің рулінде 44 жастағы ер адам болған.
"Теміртау-Қарағанды тас жолында болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі "Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.