Теміртауда жоғалып кеткен сегізінші сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның шешесіне сілтеме жасап.
Теміртауда жоғалып кеткен сегізінші сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның шешесіне сілтеме жасап.
Асылып қалған күйі табылған Вадим Корженковтің өлімін оның анасы Юлия растады. Оның денесін қаладағы бос қалған дүкендердің бірінде еріктілер тауып алған.
"Иә, оны асылып қалған күйі тауып алған. Басқа ештеңе айта алмаймын. Айтатын жағдайда емеспін, жағдайым қиын", - деп хабарлады Вадимның анасы Юлия. Еріктілердің айтуынша, олар жансыз денені көп уақыттан бері бос тұрған дүкеннің жоғарғы қабатында тапқан. "Жоғарғы қабатқа көтерілетін саты жоқ. Жасөспірімнің ол жаққа қалай көтерілгенін біз білмейміз. Оған жету үшін арнайы машинаны пайдаландық", - деді ерікті Яшар Багиров.
Қарағанды облыстық ІІД өкілдері әзірше ешқандай түсінік бермеді. Баланың денесі мәйітханаға жеткізілген.
Еске салайық, Вадим Корженков үйінен 31 наурызда кетіп қалған. Ол қызымен ұрысып қалғаннан кейін кетіп жоғалған еді. Сүйіктісі - өзінің сыныптасы. Жасөспірімнің шешесі полицияға хабар берген. Полицейлер мен еріктілер екі апта бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген.