Қарағанды облысы Теміртау қаласында Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің жас сарбаздарына шабуыл жасады деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Агенттіктің мәліметінше, жәбірленуші үш сарбаздың біреуі жамбас жарақатымен және аяқ сынығымен Теміртау орталық ауруханасына түскен.
"Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, сарбаздар көшеде мас күйде жүрген екі адамға ескерту жасаған. Осыдан кейін бұзақылар сарбаздарға шабуыл жасапты", - деп хабарланды.
Сонымен қатар, 5511 әскери бөлімінің кезекші бөлімі "ИФ-Қазақстан" агенттігіне үш адамнан тұратын әскери қызметшілер жасағына бұзақылардың шабуыл жасағанын растады. "Жәбірленген сарбаз ауруханаға жатқызылды. Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жергілікті екі тұрғынды ұстады. Олар кінәларын мойындады", - деді әскери бөлімнің өкілдері.
Айта кетейік, ұсталғандардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Оларға қатысты ҚР ҚК 380-бабы ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.