24 ақпан 2021 | 14:39

Теміртауда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті: қылмыстық іс сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: seyminfo.ru фото: seyminfo.ru

Теміртауда полиция қызметкері күдікті болған жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Материалдар сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда полиция қызметкері күдікті болған жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Материалдар сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллин онлайн-режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде полиция сержантына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.

"Полицей абайсызда жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Материалдар сотқа жолданды", - деді Ерлан Файзуллин.

Айта кетейік, жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі 2020 жылғы 3 қазанда Теміртаудағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болғаны хабарланған еді. Зейнеткерді қағып кеткен Lada Vesta қызметтік көлік тізгінінде полиция қызметкері болған. Ол Республика даңғылы бойымен Восточная көшесіне бұрылған сәтте зейнеткер Виктор Фроловты қағып кеткен. Жол апатынан зардап шегуші Теміртау қаласы ауруханасында көз жұмды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі сержант оқиғаға дейін алкогольді өнімдерді қолданбағанын хабарлады. Ол сол кезде қалада тұман болуына байланысты жолдағы адамды көрмей қалған деп болжанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети