Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Теміртауда үйдің кіреберісінде табылған нәрестенің ісіне қатысты күтпеген деректер пайда болды

14 Қыркүйек 2016, 12:54
0
© vk.com
© vk.com

Теміртауда үйдің кіреберісінде табылған нәрестеге қатысты істе жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуынша, сәбиді тауып алды делінген Нина есімді әйел расында қыздың анасының танысы болып шыққан. ІІД өкілдерінің мәліметінше, 12 қыркүйекте олар құрбысымен бірге ішкен екен. Кейін кештің соңында Нина қыздың анасынан сәбиді уақытша өзімен бірге алып кетуіне рұқсат сұраған. Содан Нина есін жиып, баланы өзімен алып кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін түсініп, үш айлық нәрестені үйдің кіреберісінде қалдырып кетіп, соңында оны тауып алған болып шығады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері сәбидің анасы мен оның танысы Нинаны ұстады. Қыздың анасы баланы Нинаның алып кеткенін растады.

"Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сәбидің анасына қатысты процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Айта кетейік, Теміртауда 13 қыркүйекте белгісіз біреулер үйдің кіреберісінде үш айлық сәбиді тастап кеткен болатын. "Жедел жәрдем қызметкерлері қызды Теміртау қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Қыз шамамен 2-3 айлық. Тауып алған әйелдің айтуынша, қыз кіреберіс жерде жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың денсаулығы жақсы. Қазір дәрігерлер оны тексеріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай