Өткен демалыста Теміртауда жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнынан үй иесі мен жұбайының денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өткен демалыста Теміртауда жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнынан үй иесі мен жұбайының денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Теміртауда отқа абайсыз қарау (темекі шегу) салдарынан тұрғын үйдің ағаш едені, сондай-ақ, жалпы аумағы 15 шаршы метр болатын тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кетті. Өрт орнында екі адам зардап шекті. Оқиға орнынан үй иесі мен әйелінің денесі табылды. Қайтыс болған 1952 және 1956 жылы туған азаматтар, - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Приозерск қаласындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан тағы бір адам қайтыс болды.
"Приозерск қаласының Алаш көшесінде жалпы алаңы 15 шаршы метр болатын тұрғын үйдің ағаш қабырғалары мен қалқалары өртенді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйелдің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп толықтырды ведомстводан.
Сондай-ақ, өткен демалыста құтқарушылар "Қазавиақұтқару" АҚ, Қарағанды облысының полиция департаменті және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірге Павлодар облысына барар жолда жоғалып кеткен 69 жастағы автокөлік жүргізушісін іздестірді. Ер адам Қарағандыдан 3 желтоқсанда шығып, ойға алған жеріне бармаған. Кейіннен оның көлігі мен мәйіті Бұқар Жырау ауданының Үміткер ауылынан солтүстік-батысқа қарай жиырма шақырым жерден табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Демалыс күндері ТЖД құтқару бөлімшелері шақырту бойынша 26 рет шыққан. Оның ішінде 17 өртке байланысты, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге - 7 рет. Нәтижесінде, 6 адам құтқарылды, оның ішінде төрт бала бар. 4 адам қаза тапты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!