Теміртауда жеңіл автокөліктің жүргізушісі ұялы телефон камерасына жол полициясының қызметкерлерімен дауласқан сәтін видеоға түсіріп алды. Видеожазбаны "ВКонтакте" желісінде "ОСА" қоғамдастығы жария етті.

Видеода бірнеше полицей кезектесіп, жүргізушіні кезекші бөліміне апарғысы келеді. Бірақ ер адам түрлі дәлелдер айтып, көлігінен шыққысы келмейді. Жүргізуші полицейлердің куәліктерін сұрап, заңгеріне хабарласады. Ролик тәртіп сақшыларының жүргізушіні жібергенімен аяқталады.
Ескерту! Былапыт сөз айтылады!
Қолданушылар видеоға қатысты пікір білдіре отырып, қаққа жарылды. Біреулері жүргізушінің, ал екіншілері полицейлердің ісінің дұрыстығын айтып отыр.