TengrinewsTV операторы Юрий Съединге шабуыл жасау туралы іс сотқа жолдауға әзірленіп жатыр, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
TengrinewsTV операторы Юрий Съединге шабуыл жасау туралы іс сотқа жолдауға әзірленіп жатыр, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
"Тергеу аяқталды. Іс аудандық прокуратураға берілді. Содан кейін ары қарай қарау үшін сотқа жіберілетін болады", - деді ол телефон арқылы. Әзірбектің айтуынша, TengrinewsTV операторына шабуыл жасау туралы қылмыстық іс "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалған.
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, кінәлілердің екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе сондай мерзімге бостандығының шектелуі мүмкін. TengrinewsTV операторына шабуыл жасағандарға айыппұл немесе қоғамдық жұмыстарға салу жазасы да қолданылуы ықтимал.
Бұл іс Алматыдағы Galaksi Group қоймалары аумағындағы өрт кезінде болған оқиғаға байланысты. Юрий Съедин өртті түсіргеннен кейін қақпадан шықпақ болғанда, қауіпсіздік қызметінің мамандары оның жолын бөгеп, одан түсірілген материал мен видеокамераны тартып алуға әрекеттенді. Олардың бірі TengrinewsTV операторын қылғындырса, өзін заңгермін деп таныстырған бір әйел оператордың қолын тістеп алды. TengrinewsTV операторының қолындағы тіс іздері тіркелді. Айыпталушылар кінәларын мойындап, жауап берді.