04 қыркүйек 2021 15:54

"Тері астынан жәндіктер шықты" - павлодарлық отбасы белгісіз паразиттерді жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғындары көзге көрінбейтін паразит жұқтырғанын хабарлады. Олардың сөзінше, адам терісінің астынан қанаттары бар көк жіп түріндегі жәндіктер шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Irbistv.kz телеарнасына сілтеме жасап.


Павлодар тұрғындары көзге көрінбейтін паразит жұқтырғанын хабарлады. Олардың сөзінше, адам терісінің астынан қанаттары бар көк жіп түріндегі жәндіктер шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Irbistv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Анна Пахомованың айтуынша, мүгедек балалардың анасы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы таңдаған шипажайда отбасы паразиттерді жұқтырған.

"Бөлмеге орналасқаннан кейін балконда көп құс ұясын көрдік. Бір күні шипажайда өлі балапандарды байқадық. Ал қайтар күні осы жерде бір адамның тұрып, кейін құс паразиттерін жұқтырғаны туралы әңгімені естіп қалдық", - деді Анна Пахомова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от irbistv (@irbis.tv)

Кейін өз денесінде де паразиттерді тапқан әйел павлодарлық дәрігерлерге жүгінеді, бірақ олар оны психдиспансерге тексеруге жіберген. Осылайша әйел өзінің психикалық сау екенін дәлелдеуге мәжбүр болды.

"Денемізден паразиттер шыға бастағанда, зертханаға жүгіндік. Олар бұл не екенін анықтай алмады, өйткені біздің зертханашылар маманданбаған - олар бұл салада жұмыс істеп көрмеген", - дейді Анна Пахомова.

Зардап шеккен отбасы қазір үйде карантинде, олар терісін үй жануарларына арналған дүкенде алынған препаратпен өңдеп жатыр. Олар дәрігерлердің дәл диагноз қойып, тиісті ем тағайындағанын қалайды.

Бірақ әзірге Павлодарда олар жұқтырған паразиттердің тек бір түрі анықталып отыр, деп хабарлайды телеарна тілшісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети