ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2023 | 14:25
"Терезеден шығып кеткен". Дәрігерлер жүргізушінің жағдайын айтты
Дәрігерлер Алматы маңында жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Mercedes жүргізушісінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігерлер Алматы маңында жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Mercedes жүргізушісінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, 20 жастағы жігіт екі аптадан аса уақыт жансақтау бөлімінде жатқан. Ол көптеген жарақат алғаны айтылды.
"Науқас бізге 19 мамырда таңғы сағат 06:41-де түсті. Диагноз:
- ауыр аралас жарақат;
- жабық бассүйек-ми жарақаты;
- ауыр ми жарақаты;
- сол жақ төбе-самай сүйектің сызық сынуы;
- оң жақ маңдай-самай бөліктегі гематома;
- сол жақ төбе-самай-маңдай бөліктегі пневмоцефалия бар гематома;
- екі жарты шардың көгеруі;
- оң жақ жоғарғы жақтың ығысуы және сынуы;
- оң жақтағы орбитаның төменгі бөлігінің сынуы;
- мұрын сүйектерінің ығысып сынуы;
- екі жақтағы параорбитальды гематома;
- сол жақтағы және иектегі көгерген-жарылған жаралар;
- сол жақтағы және бетіндегі көптеген көгеру;
- сол жақтағы тері астындағы гематома;
- сол жақта жабық кеуде жарақаты;
- травматикалық шок.
Түскен кездегі шағымдары қан аралас құсу, жүрек айнуы, бас айналуы және жалпы әлсіздік, қайталанатын лоқсу", - дейді дәрігерлер.
Фельдшердің айтуынша, жүргізуші "Таң шолпан" дүкені кіреберісіне соғылған, кейін Талғар қалалық орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.
"1 маусымда науқас ата-анасының талабы бойынша басқа емханада емделу үшін шығарылды", - деп қосты дәрігерлер.
"Терезеден шығып кеткен". Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также