"Терезеден шығып кеткен". Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым оқырманы оқиғаның видеосын жіберген. Оның айтуынша, оқиға Белбұлақ ауылы маңындағы Талғар тасжолында болған. Кадрларда Mercedes қатты жылдамдықпен соғылғаны көрінеді.

"Таң Шолпан" дүкенінің маңында көлік "сальто" жасады. Адам терезеден шығып, ол да "сальто" жасап құлады. Ол тірі ме, жоқ па, белгісіз", - деп жазды ер адам.

Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Жол апаты 15 мамырда таңғы сағат 06:40 шамасында болған екен. Рөлде 20 жастағы жүргізуші отырған.

"Mercedes көлігін тізгіндеген ол Алматы-Талғар тасжолымен жүрді. 15-шақырымда жүргізуші рөлді басқара алмай соқтығысты. Оқиға салдарынан дене жарақатын алған жүргізуші Талғар ауруханасына жеткізілді", - деді өңірлік Полиция департаменті өкілі.

Бұл дерек Талғар ауданының полициясында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer