01 маусым 2023 14:25

"Терезеден шығып кеткен". Дәрігерлер жүргізушінің жағдайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Дәрігерлер Алматы маңында жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Mercedes жүргізушісінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматы маңында жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Mercedes жүргізушісінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, 20 жастағы жігіт екі аптадан аса уақыт жансақтау бөлімінде жатқан. Ол көптеген жарақат алғаны айтылды.

"Науқас бізге 19 мамырда таңғы сағат 06:41-де түсті. Диагноз:

  • ауыр аралас жарақат;
  • жабық бассүйек-ми жарақаты;
  • ауыр ми жарақаты;
  • сол жақ төбе-самай сүйектің сызық сынуы;
  • оң жақ маңдай-самай бөліктегі гематома;
  • сол жақ төбе-самай-маңдай бөліктегі пневмоцефалия бар гематома;
  • екі жарты шардың көгеруі;
  • оң жақ жоғарғы жақтың ығысуы және сынуы;
  • оң жақтағы орбитаның төменгі бөлігінің сынуы;
  • мұрын сүйектерінің ығысып сынуы;
  • екі жақтағы параорбитальды гематома;
  • сол жақтағы және иектегі көгерген-жарылған жаралар;
  • сол жақтағы және бетіндегі көптеген көгеру;
  • сол жақтағы тері астындағы гематома;
  • сол жақта жабық кеуде жарақаты;
  • травматикалық шок.

Түскен кездегі шағымдары қан аралас құсу, жүрек айнуы, бас айналуы және жалпы әлсіздік, қайталанатын лоқсу", - дейді дәрігерлер.

Реклама
Реклама

Фельдшердің айтуынша, жүргізуші "Таң шолпан" дүкені кіреберісіне соғылған, кейін Талғар қалалық орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

"1 маусымда науқас ата-анасының талабы бойынша басқа емханада емделу үшін шығарылды", - деп қосты дәрігерлер.

"Терезеден шығып кеткен". Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram