Павлодарлық құтқарушылар ата-анасы жоқ кезде балконның сыртына шығып, қайта кіре алмай қалған қызды құтқарды. Құтқарушылар келгенге дейін қыз жіңішке ернеуде жарты сағатқа жуық уақыт тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйдің төртінші қабатындағы балконда тұрған қызды сыртта өтіп бара жатқандар байқаған. Олар бірден құтқарушыларды шақырып, оқиғаны видеоға түсіріп алыпты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қыз бала балконның сыртына шығып кетіп, астыңғы қабаттың терезесінің ернеуінде жарты сағат тұрған. Баланы ТЖД қызметкерлері құтқарып алды. Төменде өтіп бара жатқан тұрғындар кілемді ұстап, сақтандырып тұрды", - деп жазды видео авторы.
"Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару қызметкерлерінің көмегімен үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 2012 жылы туған қыз бала тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатының балконынан құтқарылды. Тұрғындар құтқарушыларды шақырды, көмек қолын созған барша жанға алғыс айтамыз", - деді ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіндегілер.