ТЖД Ақтауда үйінділер астындағы баллондар жарылуы мүмкін екенін айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД Ақтауда үйінділер астындағы баллондар жарылуы мүмкін екенін айтты Фото Азамат Сарсенбаев

ТЖД Ақтау қаласындағы ғимарат үйінділерінің астындағы баллондардың қайта жарылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы брифингте Маңғыстау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Азамат Сейталин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД Ақтау қаласындағы ғимарат үйінділерінің астындағы баллондардың қайта жарылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы брифингте Маңғыстау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Азамат Сейталин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, ғимарат қирандыларының астында тағы екі газ баллоны болуы мүмкін.

"Сауда үйінің иесінен алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша, осы жерде болуы мүмкін газ баллондарының саны анықталды. Біздің қызметкерлер екі газ баллонын алып шықты, тағы екі газ баллоны үйінді астында қалуы мүмкін. Жарылыс болу қаупі әлі де бар", - деді Азамат Сейталин.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган үйінділерді тазалауға 19 техника, сондай-ақ 100-ге жуық адам жұмылдырған. 100 шаршы метр үйінді тазартылды. Жарылыс толқыны 70 метр радиуста көршілес ғимараттарды, сондай-ақ тоқтап тұрған 10 көлікті зақымдады.

"Аталған факт бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданды. Материал Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық дерегі бойынша тіркелді. Өрт қауіпсіздігі талаптары салдарын жойғаннан кейін қосымша сараптамалар тағайындалады", - деді Азамат Сейталин.

Азамат Сейталиннің айтуынша, елімізде шағын және орта бизнесті тексеретін мораторий сақталып отыр, осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің кәсіпкерлерді газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін тексеруге мүмкіндігі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети