06 ақпан 2024 12:15

ТЖД Семейдегі ірі өртті сөндірудегі қиындықтар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Семейде өртсөндірушілер кеше түнде өрт шыққан сауда ғимаратындағы жалынды сөндіруді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде өртсөндірушілер кеше түнде өрт шыққан сауда ғимаратындағы жалынды сөндіруді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 6 ақпанға қараған түні өрт сөндіру қызметіне Засядько көшесі, 65-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Екі қабатты ғимаратта түрлі тауарлар тұрған пластикалық бутиктер өртенген. Өрт ғимараттың екінші қабатына жайылған.

Ресми мәлімет бойынша, ғимарат түтіндеп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала аумағы төрт мың шаршы метрден асады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы жұмыс істейді. Өртті сөндіру жоғары температура, жоғары өрт жүктемесі, тез тұтанатын материалдар және ғимараттың күрделілігіне байланысты қиындап отыр", - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Семейдегі ең ірі сауда орталығы 6 ақпанға қараған түні өртке оранды. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін қала орталығындағы бірқатар көшелер қоршауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети