Тікұшақ апатынан қаза тапқан офицер туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тікұшақ апатынан қаза тапқан офицер туралы не белгілі? Фото:gov.kz

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған авиациялық апат салдарынан Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапқан. Ол 1988 жылы дүниеге келген.

Офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы "ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар" мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен. Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады.

"Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан. Биыл көктемде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған", - деп жазылған хабарламада.

Марқұм офицер үйленген, артында екі баласы қалды.

Ведомство өкілдері зардап шеккендер туралы да ақпаратты жариялады.

"Апат жағдайында қону кезінде зардап шеккен әскери институт авиациялық эскадрильясының командирі майор Бибарыс Ибраев пен оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы аға лейтенант Рүстем Нығметов қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр. Оларға барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қаза тапқан офицер мен зардап шеккендердің туыстарына, жақындарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети