21 шілде 2014 | 18:59

ТМРА басшысы ұстау кезінде қашпақ болды - қаржы полициясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews © иллюстрациясы tengrinews © иллюстрациясы

ТМРА - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов құқық құрылымы қызметкерлерімен құрықтау кезінде қашпақ болған деп хабарлайды Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

ТМРА - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов құқық құрылымы қызметкерлерімен құрықтау кезінде қашпақ болған деп хабарлайды Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"2014 жылдың 2 шілдесінің шамамен 10 сағат 30 минутта Мұрат Оспанов агенттік ғимаратынан уақытша ұстау изоляторына әкетіп бара жатқан жерінде денсаулығына шағымданып, көлікті тоқтатуды сұраған. Бұдан кейін ол есікті сарт етікізіп ашып, көліктен ытқып шығып, қашпақ болады. Көліктен 15 метр ұзаған оны агенттік қызметкерлері қайтадан ұстап алған" дейді қаржы полициясының баспасөз қызметіндегілер.

"Артынан қуып жеткен агенттік қызметкерлеріне Оспанов қарсылық көрсетіп, оның бірімен құшақтаса жерге құлап, дене жарақатын алған" делінеді алдын ала таратылған хабарламада. Орын алған оқиға агенттіктің арыз-шағым мен мәліметтерді тіркейтін кітапшасына бірден тіркеліп алынған, Оспанов пен оны бірге алып жүруші қызметкердің алған жарақаттары медициналық тұрғыда нақтыланған" делінеді.

Осы жағынан алғанда, түрлі БАҚ құралы арқылы айыпталушының адвокаты Хамит Айтқаливтің Мұрат Оспановты ұрып-соғып, денесіне жарақат келтірді деп таратқан мәліметтері шындыққа еш жанаспайды.

"Тексеру сараптамасы бойынша Оспановтың, сол секілді агенттік қызметкерінің денесінен көгеру, сырылған түрінде жарақаттар анықталған. Оспанов тергеу барысында адвокатының көзінше алдында болған оқиғаны растаған. 2014 жылдың 3 шілдесінде қамауды санкциялау бойынша өткен сотта М.Оспанов прокурордың, адвокаттың және өзінің туысқандарының көзінше денесіне келтірілген зақым бойынша қаржы полициясындағыларға ешқандай ренжіші жоқтығын, оған белгілі бір деңгейде өзі кінәлі екенін айтқан" дейді ведомствадағылар. 

Шенеунікке табиғи монополиялар субъектісіне жәрдем беру және қалқан болу үшін 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. 3 шілде күні Астананың Алматы аудандық №2 cоты агенттік басшысын тұтқындауға санкция берді. Оспанов уақытша ұстау изоляторынан тергеу орталығына ауыстырылды.

Еске сала кетелік, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов 1 шілдеде ұсталған болатын. Алғашқыда оның 200 мың доллар көлемінде пара алғаны хабарланды, бірақ кейін қаржы полициясы алынған пара көлемін нақтылады. Ал оның адвокаты бұл ақшаны шенеунік досынан баласына той жасау үшін алғанын айтып отыр. "Ірі көлемде пара алды" деген бап бойынша айыпталып отырған оған жеке мүлкін тәркілеу және 10-15 жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети