Атыраудың 22 жастағы тұрғыны тоғыз қабатты үйде тоқтап қалған лифтіден шахтаға құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Атыраудың 22 жастағы тұрғыны тоғыз қабатты үйде тоқтап қалған лифтіден шахтаға құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат Хабиевтің айтуы бойынша, оқиға кезінде лифтіде төрт адам болған. Зардап шеккен қыз лифтіден өз бетінше шыққысы келген.
"Біз лифтіні тексеруден өткіздік, көтергіште ешқандай зақым болмады. Бесінші және төртінші қабаттар арасында апатты жағдайда тоқтаған соң, құтқару қызметін шақыру үшін лифтіден шыққан қыз шахтаға құлап кеткен. Оның артынан жас жігіт те шахтаға түскен. Құтқару операциясының нәтижесінде лифтіден екі адам құтқарылып, шахтадан тағы екеуі шығарылды. Қазіргі уақытта лифтінің апатты жағдайда тоқтау себебі анықталып жатыр", - деді Қайрат Хабиев.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушыларды шақыру туралы хабар 23 желтоқсанда сағат 06.05-те келіп түскен. Хабиевтің айтуынша, құтқарушылар оқиға болған жерге сағат 06.12-де жетті.
"Оқиға болған жерге құтқарушылар бригадасы аттанды. Жеткенде анықталғандай, 1996 жылғы қыз лифт шахтасына құлап кеткен. Зардап шегуші облыстық аурухананың травмотология бөліміне жеткізілді", - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 22 жастағы жергілікті тұрғынның жағдайы бірқалыпты.
"Науқас Атырау облыстық ауруханасының нейротравматология бөлімінде оң иықтың жабық сынығы диагнозы бойынша стационарлық ем қабылдауда. Оң жақ санында, белінде және арқасында үлкен жара бар", - деді баспасөз қызметіндегілер.