"Төрт жерімнен пышақтады". Шу тұрғыны полицейлерді шабуыл жасады деп айыптады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Төрт жерімнен пышақтады". Шу тұрғыны полицейлерді шабуыл жасады деп айыптады © almaty.tv

Аурухана төсегіне таңылған ер адам досы екеуінің тәртіп сақшыларынан соққы жеп, ауыр жарақаттанғанын айтып, құзырлы органдардан әділдік сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аурухана төсегіне таңылған ер адам досы екеуінің тәртіп сақшыларынан соққы жеп, ауыр жарақаттанғанын айтып, құзырлы органдардан әділдік сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Сұмдық жайт туралы Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны желіге жариялап, үндеу жасады. Аурухана төсегіне таңылған ер адам құзырлы органдардан әділдік сұрады.

Өзінің бейнеүндеуінде жәбірленуші бірнеше қызметкердің есімін атайды. Әділ тергеуді талап еткен аудан тұрғыны тәртіп сақшыларының істі жылы жауып тастағысы келетінін жеткізген. Ал Полиция департаменті жағдайдың анық-қанығын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс шарасын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ басшылығының бақылауына алынды", - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети