Алматыда той кортежінен газ тапаншасымен оқ атқан ер адамға айыппұл салынады, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. Еске сала кетейік, той кортежі Шығыс айналма жолымен өткен болатын.

"Алматы ІІД бірқатар БАҚ-та жарияланған бейнежазбаға талдау жасады. Бірден тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде Алматы облысы Іле ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Ер адамның өз атына тіркелген газ тапаншасынан оқ атқаны белгілі болды, қаруы бос патрондармен оқталған. Оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің "Елді мекенде оқ ату" бабы бойынша қарастырылып отыр", - деді Әзірбек.
Оның айтуынша, бұл бап бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл және қаруды тәркілеу жазасы қарастырылады. "Бірнеше сағаттан соң ұсталған адам Медеу аудандық әкімшілік істер жөніндегі сотына әкелінеді", - деді полицияның ресми өкілі.
Еске сала кетейік, ақпарат құралдары белгісіз біреудің Land Cruiser 100 автокөлігінен жеті рет оқ атқаны түсірілген бейнежазбаны жария еткен болатын. Қымбат көлік үйлену тойы кортежі құрамында Шығыс айналма жолымен өтіп бара жатқан. Бейнежазбаға қарағанда, оқиға 5 қыркүйек күні болған.
2012 жылы осыған ұқсас оқиға болған еді. Той кортежіндегі көлік көшеде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген және оның жолаушысы газ тапаншасынан аспанға оқ атты. Ол кезде заң бұзған ер адам ұсталып, 10 тәулікке қамалған болатын.