Toyota Camry мінген жүргізуші жалған нөмір тағып, 2,5 миллион теңге айыппұл "жинаған"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Toyota Camry мінген жүргізуші жалған нөмір тағып, 2,5 миллион теңге айыппұл "жинаған" Фото polisia

Жамбылда жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылда жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімшілік полиция қызметкерлері алтын түстес Toyota Camry автокөлігін анықтады, оның жүргізушісі бірнеше ай ішінде 2 миллион 457 мың 350 теңгеге 54 мәрте жылдамдық режимін бұзған. Полицейлер 31 жастағы жүргізушіні бейнебақылау камералары арқылы әшкереледі.

"Оған көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн орнатқаны және басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ол үшін жүргізушіге тағы 27 690 теңге айыппұл салынды және сот шешімі бойынша 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушының автокөлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Айта кету керек, автокөліктің тіркелген өз нөмірінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети