Тіпті жүксалғышқа отырғызған: тәрбиеші шағын көлікпен 25 баланы тасыған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тіпті жүксалғышқа отырғызған: тәрбиеші шағын көлікпен 25 баланы тасыған видео кадры

Өзбекстанда Бұхара облысының Гиждуван ауданында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Spark көлігімен 25 баланы тасыған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.uz-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда Бұхара облысының Гиждуван ауданында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Spark көлігімен 25 баланы тасыған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.uz-ға сілтеме жасап.

Бастауыш мектеп жасына дейінгі балалар тіпті жүксалғышта отырған. Әйел полиция қызметкерлеріне балалардың үйі балабақшаға жақын екенін айтып түсіндірген. Сондай-ақ, ол мұндай көп баланы алғаш рет мінгізгенін айтқан.

Оқиғаны хабарлаған департаменттің баспасөз қызметі өкілдері балалардың ата-аналарын оларды балабақшаға апара алмай отыр деп сөкті.

Балаларға қауіп төндірген тәрбиешіге қандай жаза қолданылғаны туралы мәлімет жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети