Трактор пойызбен соқтығысты: қаза тапқан адам бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трактор пойызбен соқтығысты: қаза тапқан адам бар Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде жол апаты болды, пойыз трактормен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде жол апаты болды, пойыз трактормен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан трактор жүргізушісі мерт болған.

"Трактор жүргізушісі жүріп бара жатқан пойыздың алдынан өткелге шығып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды. Пойыз машинисі шұғыл тежегішті басқанымен, жол апаты болды. Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі ауыр жарақаттар алып, көз жұмды", - деді ҚТЖ баспасөз қызметі өкілі.

Компания көлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети