Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткеп трамвай жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткеп трамвай жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер апалы-сіңлілі қыздар ұшыраған жол апатына қатысты пікір білдірді.
"2007 және 2009 жылғы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен соталды тергеу басталды. 2007 жылғы бала оқиға орнында қаза тапты, 2009 жылғы екінші қыз ауруханаға ауыр жарақатымен жеткізілді", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Полициядағылардың айтуынша, іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалған.
"Қыздардың реттелмейтін жаяу жүргінші жолында болғаны анықталды. Трамвай жүргізушісінің айтуынша, ол оқушы қыздарды байқамай қалған. Қазіргі уақытта трамвай жүргізушісіне қатысты Павлодардағы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамау мәселесі шешіліп жатыр. Бұл қылмыс қарастырылған баптың жазасы - бес жылға бас бостандығынан айыру", - деп атап өтті полицейлер.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте сағат 7:43-те болған.
"Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кетті. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөлімінде бізде жатыр, жағдайы аса ауыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.
Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.