Қостанайдағы Қостанай ауданының полицейлері 2017 жылдың 18 наурызында 38 жастағы тұрғынға қатысты 2001 жылғы қызын зорлады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады, - деп хабарлайды alau.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде туған әкесінің өз қызын 2 жыл бойы зорлап келгені анықталған. Ол енді осы қылмысы үшін 15-20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Облыс прокутарурасы 18 мамырда тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық істі Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.